Альбина Шардарованың жүкті екенін білген жұрт оның ұлды болуын тіледі (видео)
Бауыржан Сатов пен Альбина Шардарова Дубай қаласында демалуда. Жұлдызды жұптың шетелде жүрген видеосын көрген жұрт олардың жақында сәбилі болатынын аңғарып қойды. Альбинаның жүкті екенін білген көпшілік оның сыртқы келбетіне қарап ұлды болатынын болжады, деп жазады Stan.kz.

2018 жылы шаңырақ көтерген бұл жұпты алғашқыда сынаушылар қатары көп болды. Көпшілік бірінші некесі сәтсіз аяқталған Бауыржанға сенімсіздік танытты. Нәзік үні мен болмысымен елдің жүрегін баураған Альбинаны оған қимады. Алайда уақыт өте келе Сатовтар отбасына ел тарапынан жылы лебіздер айтыла бастады.
Мәселен, күні кеше Альбинаның аяғы ауыр екенін білген желі оқырмандары оның сұлулана түскенін атап өтіп, ұлды болуын тіледі.
Ит жылында шаңырақ көтерген Артур Төлеповтің де әке атануға дайындалып жүргенін айта кетейік.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Бес жыл бұрын облыс әкімінің қолынан баспана кілтін алған қазақстандық параспортшы пәтерін жалдап тұрып жатыр
Спортшы пәтерді пайдаланғаны үшін ай сайын 14 348 теңге төлейді
Алматылықтар кептеліске шағымданып, күзден қауіптеніп отыр: Әкімдік көлік мәселесін қалай шешпек
Алғашқы LRT желісінің құрылысына 61,4 миллиад теңге қарастырылған