Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Альбина Шардарова: Маған Бауыржаннан қарағанда әншілермен дуэт айтқан ыңғайлы

“Жігіттер” тобының 15 жылдық ән кешінде бірнеше дуэттің тұсауы кесілді. Топ мүшесі Ердос Қанаев жастар арасында танылып келе жатқан Альбина Шардаровамен “Ботақаным” есімді әнін халыққа ұсынды. Ал бұған дейін Бауыржан Сатов жары Альбинаның сахнаға шығуына қарсы екенін айтқан болатын. Актердің шешімді өзгертуіне не себеп болған?

Альбина Шардарова: Маған Бауыржаннан қарағанда әншілермен дуэт айтқан ыңғайлы

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеп хабарлайды.

“Қандай ұсыныс түссе де, Бауыржан екеуміз ақылдасып, шешім қабылдаймыз. Махаббат туралы айтқанда да бұл жерде тек тыңдармандарға жеткізе білу. Бұл жерде екеуінің арасында махаббат туындау деген сөз емес. Әнші болғаннан кейін барлық тақырыпта ән айтуға тура келеді”, – дейді Альбина Шардарова.

Бауыржанның жүрегін жібіткен бір дүние – өнердегі әнші жігіттердің кішілік танытып, оның алдынан өтуі.
“Жалпы бір қуантарлық жайт, кім болмасын, дуэт айтатын болса, бірінші кезекте маған хабарласады. Бұл енді сыйластық деп ойлаймын. Үлкен болса да, алдымнан өтіп жатқаны, мен негізі оған қарсы емеспін. Тек қана ән мағынасы, сөзі мен әні Альбина мен дуэт айтатын жандарға ұнап жатса, мен қарсы емеспін. Ол жағынан емін-еркін толықтай”, – дейді Бауыржан Сатов.

Жұптың жанкүйерлері Бауыржан мен Альбинадан дуэт сұрайтын көрінеді. Алайда Сатов ән айтатын өнерім болмағандықтан, сахнаға шыққаным әбестік болар, дейді.

“Жұлдызды жұп деп айтып жатады. Мен оған келіспеймін. Қолынан келіп тұрса, істесін. Ал менің қолымнан ән айту келмейді. Бірақ қазір жақын арада бір жоба болады. Ол жерде тек өнерде жүрген жұптар қатысады. Сол жерде мені шақырып, Альбинаның қасында ән айтыңызшы деді. Ән айта алмаймын дедім. Бірақ халықтың сұрауы солай деді. Тырысып көремін енді”, – дейді Сатов.

Ал Альбина күйеуі Бауыржаннан қарағанда кәсіби әншілермен дуэт айтқанды ұнататын болып шықты.
“Әншілермен айтқан ыңғайлырақ болатын шығар. Өйткені студияда ән жазу оңай емес. Өйткені ән айтып жүрген мен үшін өте қиын. Әр әннің характерін беру – өте қиын. Адамның өзінің қабілеті болмаса – қиын деп ойлаймын”, – дейді Шардарова.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау