Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Альбина Шардарова “біреудің отбасын бұзды” деп сынағандарға жауап берді

Нәзік даусы мен табиғи сұлулығымен көптің жүрегін жаулаған әнші Альбина Шардарова тұрмысқа шығатынын мәлімдеді. Алайда бақытты күндерді басынан кешіп жүрген Альбинаны көпшілік құттықтаудың орнына сөге жөнелген, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Альбина Шардарова "біреудің отбасын бұзды" деп сынағандарға жауап берді

Себебі ел арасында Альбина отбасылы актер Бауыржан Сатовқа тұрмысқа шықпақ деген әңгіме желдей ескен. Осы уақытқа дейін жеке өмірін жасырып келген Шардарова өзін сынағандарға жауап берді.

“Ең әдемі жігіттің ең бақытты қалыңдығы” десем болатын шығар. Бір әулетті бақытты қылуға жәйлап қадам басқалы жатқаным бар. Бірақ, соңғы суретке жазылған көпшілігінің пікірі “тоқал”, немесе “біреудің отбасын бұзып алыпты”,”біреудің көз жасына қалма”деген секілді теріс ойлардан аулақ болыңыздар. Олай емес. Біреудің отбасын бұзатындай мен тәрбие көрмеген қыздардың қатарынан емеспін, мен де қыз баламын, ондай нәрсенің болуына жол бермеймін және ата-анамның да қарсы болуы сөзсіз… Басты сұрақтарыңыздың біріне жауап алдыңыздар деп ойлаймын. Қалғанын сосын жаза берермін. Әзірше, сіздермен әдемі суреттеріммен бөлісейін деп шештім”, – деді ол.

Альбина Шардарова "біреудің отбасын бұзды" деп сынағандарға жауап берді

Сондай-ақ, актер Бауыржан Сатов Instagram-дағы парақшасында тікелей эфирге шығып, оқырмандарына өтініш айтты. Ол мәселенің мән-жайын білмей жатып, жағымсыз пікір жазбауға шақырды.

“Ештеңенің мәнін білмей жатып, жаман сөздер айтудың қажеті жоқ. Баласы бар деп неше түрліні жазып жатырсыздар. Балам жоқ, өкінішке қарай. Бұйырса, ол да болып қалар. Сіздерді мазалаған бірнеше сұраққа жауап бердім деп ойлаймын”, – деді ол.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау