Алаяқтар Қайрат Нұртастың фильмін желіге заңсыз жүктеп жіберген

Қайрат Нұртастың “Арман/Когда ангелы спят” фильмін белгісіз біреулер рұқсатсыз желіге жүктеп жіберген. Кинокартинаны небәрі бірнеше сағатта 125 мың адам тамашалап үлгеріпті. Алайда пираттық нұсқа болғандықтан, KN продюсерлік орталығы фильмді бұғаттап тастаған, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

“Когда ангелы спят” фильмі ғаламторға жүктелген соң, авторлық құқық иелері оны бұғаттап тастады. Себебі кинокартинаның пираттық нұсқасы заңсыз жүктелген”, – деп түсіндірді фильм режиссері Рашид Сүлейменов.

Режиссер не себепті фильмнің желіден алынып тасталғанын түсіндірді. Сондай-ақ, қызығушылық танытқан көрерменге алғыс айтты.

“Бұл фильм әлі де Қырғызстан мен Ресейдің кей аймақтарында көрсетіліп жатыр. Сондықтан да құқық иесі KN Production картинаны ғаламтордан алып тастады. Дегенмен бірнеше сағат ішінде фильмді 125 мың адам тамашалап үлгеріпті. Демек көрерменнің сұранысы бар. Достар, фильмге қызығушылық танытқандарыңызға рақмет, тағы біраз шыдасаңыздар, продюсерлер туындыны YouTube-ке ақпан айында жүктеуге уәде берді”, – дейді ол.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Айқын мен Жұлдыз ұлдарымен бірге Таиландта ұсталып қалды (видео)

Қуат Хамитов ерсі әрекеті үшін Төреғалиді қалай жазалайтынын айтты

Атышулы Байзақова отандық топтың бейнебаянына түсті (видео)

Өмірқұл Айниязов өз тойында ойына келгенін жасады (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар