Alar тобының әншісі топқа туыстық арқылы келгенін мойындады
Alar тобы 2016 жылы қанат қаққан жас топ. Бұған дейін BN атауымен шыққан топтың атауы да, құрамы да 2018 жылы өзгертілді.

Жастар арасында кеңінен танылған топтың қоржынында "Топ-томпақ", "Жаным-ай", "Осындаймын" т.б әндер бар, деп хабарлайды Евразия арнасына сілтеген Stan.kz.
Жас әнші Зирузамен бірге бейнебаян түсірді. Ол You-tube желісінде 2 млн рет қаралған. Топқа Еркебұлан Молдашев жетекшілік етеді.
Топ құрамындағы Ақниет топқа туыстық арқылы келгенін мойындады.
"Біз туыс болғандықтан, топқа келдім. Туыстар арасынан таңдалдым. Ол кезде мектеп оқушысы едім. 11-сыныпта оқитынмын", - дейді Ақниет.
Топ әншілері туыс болғандықтан, ешқандай келісім-шарт жасаспағанын, еркілеріне сай өнер көрсететінін айтты.
Алдағы уақытта бір әніне бейнебаян түсіруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, еліміздегі қалаларды аралап концерт беретін жоспары жайында айтты.
Қазақстандықтардың зейнетақылары нашар басқарылады: Зейнеткерлер қазір онсыз да кедей, тағы кедейлене түсе ме
Сарапшы уәде етілген "алтын қарттық" неліктен күнкөріске айналғанын талдап көрді
Алматы облысында кәсіпкер қараусыз қалған ғимаратты қалпына келтірген, алайда әкімдік оны тартып алған
Кәсіпкер: "Ақша, денсаулық пен 5 жыл уақытымды сарп еттім"