Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытайдағы қорғаушысы мәлімдеме жасады

Қытай түрмесінде отырғанына 4 жыл болған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушысы мәлімдеме жасады. Ол Қытайдың Жоғары сотына шағымданбақ.

Ақжарқын Тұрлыбай

Бұл туралы 24.kz арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ақжарқынның қорғаушысының сөзінше, Гуанчжоу соты ақырғы шешімді шығару уақытын созып отыр. Ал Қытай заңында қылмыстық істің аяқталуының нақты мерзімі жоқ. Десе де қорғаушы Ақжарқын Тұрлыбайдың кінәсіз екенін дәлелдеуге ниетті.

«Менің қорғауымдағы Ақжарқын Тұрлыбайдың ісін қарастырып жатқан сотпен екі күн бойы байланысқа шығып отырмын. Іс әлі де қаралып жатыр. Таяу уақытта біз Қазақстанның бас елшісімен алдағы әрекеттерімізді талқылайтын боламыз. Мен Жоғары сотқа шағымданбақпын және арнайы хатты дайындаймын», – дейді қорғаушы Сяо Чжаньдэ.

Естеріңізге сала кетсек, Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу қаласының әуежайында есірткі контрабандасымен айналысты деген күдікпен ұсталған еді. 2015 жылы маусымда 21 жастағы қыз өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Кейін апелляциялық сот бұл шешімнің күшін жойған.

2016 жылы қарашада апелляциялық сот тыңдауы өтіп, коллегия шешім қабылдау үшін жиналыс бөлмесіне шығып кетті. Ақжарқын бір жылдан аса сот үкімін күтіп отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау