Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақжарқын Тұрлыбай сияқты: Ресейлік бойжеткен Вьетнамға есірткі кіргізгені үшін өмір бойына сотталды

Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдырын қайталады! Ресейлік бойжеткен Вьетнамға есірткі кіргізгені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Мария Дапирка өлім жазасына кесілуі мүмкін еді.

Ақжарқын Тұрлыбай сияқты Ресейлік бойжеткен Вьетнамға есірткі кіргізгені үшін өмір бойына сотталды

Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Маша 2014 жылдың жазында Сингапурден Хошиминге ұшып келген кезде ұсталған болатын. Кеден қызметінің қызметкерлері оның сөмкесінен кокаин тауып алған. Ал Машаның өзі есірткіден хабарсыз екенін, ал шабаданын досы сұрап алғанын айтқан болатын.

 

Қыздың қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов әрі қарай да Машаны құтқарып алу үшін күреспек ниетте.

 

Ағасының айтуынша, Машаның түрмедегі жай-күйі оның денсаулығына кері әсер етпейді. Ол бос уақытында спортпен және йогамен айналысады екен.

Айта кетейік, Сұңқар Нұрмағамбетов қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың да қорғаушысы. Отандысымыз есірткі тасымалдағаны үшін істі болып, қазіргі уақытта сот шешімін күтіп жатыр.

Тағы оқыңыз: 

Көп өмір сүріп қойдым: 104 жастағы ғалым өлу үшін Швейцарияға аттанды

Көліктің есігін ашуды үйреніп алған арыстан туристердің зәре-құтын қашырды (видео)

2018 жылдың мамыр айына арналған жұлдыз жорамал

Ғалымдар ұшуға қорқатындарға арналған иісі бар «құлаққап» ойлап тапты

Талқылау