Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Ақылды бол: Apple басшысы астаналыққа MacBook сыйлады

Астана тұрғыны Назым Жанғазинова Apple компаниясы басшысы Тим Куктан сыйлық алды. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, таңертең есігін курьер (жеткізуші) есігін қағып, сыйлық салынған қорап алып келген.

“Жаңа жылда алған сыйлықтарды желіге жариялау дәстүрі бар. Мен биыл да бұл дәстүрді бұзбауды шештім”, -деп жазған ол.

Жеткізілген сыйлық серіктестері мен тұтынушылардан келді деп ойлаған ол, сыйлықты қабылдап алды. Ішінде  “Назымға арналған” деген жазу болды. Ал хатта былай жызыпты:

“Бір кездері бітірушілермен кездесуде Стив Джобс былай деген еді: “Сіздің уақытыңыз санаулы, оны басқа біреудің өмірін сүруге жұмсамаңыз. Басқа біреулердің бұйрығымен, өзгенің ойымен өмір сүрмеңіз. Ең бастысы өзіңіздің түйсігіңіз бенүрегіңізді тыңдаңыз. Ол сіздің кім болғыңыз келетіні біледі. Қалғандары екінші орында.”

Қымбатты Назым, Стивтің сөздерін тыңдап, Apple брендін басқаға ауыстырмайтының үшін рақмет. Біз сізге IphoneХ сыйлағымыз келді, бірақ сіздің MacBook-іңізді суға түсіріп алғаныңызды жазбаңыздан көріп жаңа MacBook сыйлауды жөн көрдік. Келесі жылы да ақылды бол!

Құрметпен, Тим Кук”.

Назым Apple компаниясына алғысын айтып, барлығын Жаңа жылдарымен құттықтады.

Тағы оқыңыз:

2018 жылы теңге бағамы қандай болмақ?

«Қазком» банк менеджері клиенттердің ақшасын ұрлап, шетелде оқитын бауырына жіберіп отырған

Лондон соты зейнетақы қорына қарыз Мақсат Әріптің элиталы үйін тәркіледі

Ұлттық банк төрағасы шетелде бұғатталған 22 млрд долларға қатысты түсініктеме берді

 

 

STAN.KZ
Жұма, 29 Желтоқсан, 2017 12:22
Талқылау