Аквапаркте бес адам тоққа түсіп, мерт болды
Түркиядағы аквапарктердің бірінде бес бірдей адам тоққа түсіп, көз жұмды.

Бұл туралы Milliyet хабарлады.
Оқыс оқиға елдің солтүстік-батысында орналасқан Акьязи (Скарья провинциясы) қаласында тіркелген.
Бассейнде шомылып жатқан үш баланы белгісіз себеппен тоқ ұрды. Оны көрген парк иесі Мехмет Кайя мен оның ұлы Кадир суға секірді. Олар балаларды құтқаруға тырысқанымен, қолдарынан келмеді.
Ғимарат тұтастай тоқтан ажыратылған соң бесеуі де ауруханаға жеткізілді. Алайда бесеуінің де жүрегі тоқтап қалыпты. Тергеушілер істің мән-жайын анықтауда.
Жіберіп алмаңыз:
Қажылыққа 40-тан асқандар ғана баратын болды
Жас түлек жанжалдан кейін алтын белгісін қайтарды, ал оның шенеунік шешесі жұмыстан қуылды
60 жастағы танымал актриса: Барлық еркектер мені қалайды
Адамшошырлық видео: анасы мен ұлы айналмалы дөңкелектен құлап кетті (видео)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі