Акуламен екі сағат бойы алысқан балықшы аман қалды
Аустралияда балықшы екі сағат бойы акуламен алысып, аман қалды, деп хабарлайды Stan.kz.

Сурет: @matt2duncan
Балықшы Мэтт Дункан Квинсленд штатындағы Маручи өзенінен ұзындығы 3 метр болатын акуланы ұстап алған.
«Бұл акулалар өте қатігез. Олар соңына дейін берілмейді. Ол мені әбден қалжыратты», – дейді балықшы.
Балықшының сөзінше, акула көпшілік суға шомылатын орынның маңында жүрген. Дункан оның адамдардың өміріне қауіп төндіретінін атап өтті.
Айта кетсек, доғал тұмсықты акулалар тропикті және субтропикті жерлерде мекендейді. Олар жағалау маңындағы аумаққа келіп, адамдарға шабуыл жасауы мүмкін. Сондай-ақ, бұл акула адам өмірі үшін ең қауіпті акулалардың бірі болып саналады.
Оқи отырыңыз:
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"