Актриса Линдси Лохан Ислам дінін қабылдауға ниет танытты
Актриса Линдси Лохан Ислам дінін зерттеп жүргенін және осы дінді қабылдауға ниетті екенін айтты. Оның айтуынша, АҚШ-та Құранды шын мәніндегідей емес, басқаша қабылдайды.

Сурет: www.kinofilms.ua
«Мен шығармашыл адаммын. Сондықтын жаңа нәрселерді білуге құмартып тұрам», – дейді католиктер отбасында дүниеге келген 29 жастағы актриса Линдси Лохан.
Ол әлі Құранды аяғына дейін оқып бітірмеген екен. Ол Құранды оқып бітіруге әлі де көп уақыт керегін айтады.
Лоханның айтуынша, оның сіңлісі Эли де Ислам дінімен танысып көрген екен. Қазір католик дінінен будда дініне ауысыпты.
2015 жылы Лоханның Құран кітабын ұстап түскен суреті ғаламторда жарияланған еді. Желі қолданушылар арасында бұл көрініс қызу талқыға түскенімен, актриса пікір беруден бас тартқан.
Актриса 11 жасынан бастап киноға түсіп келеді. Ол түскен кинолардың ішінде «Ловушка для родителей», «Чумовая пятница», «Дрянные девчонки» и «Сумасшедшие гонки» фильмдері танымалдыққа ие.
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты