Актриса Айнұр Ілиясова тұрмысқа шықпақ

Жұма, 27 Мамыр , 2016 15:32

“Сәбина келін” фильмінде басты рөлдердің бірін сомдаған актриса Айнұр Ілиясова жуырда ұзатылмақ. Десе де, актрисаның сүйіктісі оған өзі күткендей романтикалық ұсыныс жасамаған екен.

14483419307733

Фото: Comode.kz

Бұл туралы “Ревю” хабарлайды.

Актриса Айнұр Ілиясова өмірдің кино еместігін жақсы түсінеді. Сондықтан әзірден бастап сәлем салуға машықтанып жүрген-ді. Ол үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білсе, қалғанын енесінен үйрене жататынын айтады.

Бұл сүйінші хабармен алғашқылардың бірі болып әнші Луина бөліскен-ді. Ол жан құрбысымен қимай қоштасып жатқанын айтады.

“Шығыс жақта салт-дәстүрге Оңтүстіктегідей мән бермейді. Әсіресе сәлем салуға. Яғни енесі сәлем сал десе салады, қажетсінбесе салмайды. Бірақ жанымдағы құрбыма әзірден сәлем салып үйрене беру керек деп айтып қоямын”, – дейді Айнұр Ілиясова.

Отыз жасында орнын тапқан Ілиясова Алматы қаласына ұзатылмақ. Жүрегін жаулаған Дәулет есімді азаматпен ортақ таныстары арқылы жолыққан екен. Актриса сүйіктісінің өзіне романтикалық ұсыныс жасамағанын айтады.

image

Фото: instagram.com/ainur_ilyasova/

“Екеуміз үй болайық, бір-бірімізді жақсы танимыз. Көп жылдан бері араласып келе жатырмыз” деді. Романтика болған жоқ. Ол ұсынысты біз бірге демалыста жүрген кезде жасады”, – дейді актриса.

Актриса анасына салмақ салмауды жөн көріп, той қамына өзі кіріскен.

“Барлығын жеңіл қабылдауға тырысамын. Сондай қатты не істейміз деп, бырысып ыза болмаймын. Жүйкені жұқартпаймын. Бастапқыда ол басқа, мен басқа жерді ұсындым. Артынша екеуіміз ортақ шешімге келдік”, – деп арада ешқандай түсініспеушіліктердің орын алмағанын айтты.

Ұзақ уақыттан бері көп балалы болуды армандаған актриса кино әлемінен алыстамақ. Сүйікті кәсібіне арманын орындаған соң бір-ақ кіріспек ниетте.


Оқи отырыңыз:

Кекіл немесе кекілсіз: Қай жұлдызға қандай шаш үлгісі жарасады?

Жұлдыздар алғашқы махаббаттарын еске алды

Жұрт Төлеповке қосқан ару Тәуекел Мүсліммен қол ұстасып жүр (фото)

Белгілі түрік актері Кенан Имирзалыоғлы үйленді (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар