Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актриса Анар Батырхан ғажап даусымен таңқалдыруда (видео)

Актерлік қырынан танылып жүрген жас дарын Анар Батырхан желіде айтқан әндерінің видеосын жариялап, жұртты сүйсіндіруде. Әншілік қырынан танылып жатқан бойжеткеннің даусы ел назарын аудартпай қоймады, деп хабарлайды Stan.kz.

13628124_1174166879271789_264258202_n

Анар Батырхан отандық бағдарламалардың бірінде актриса ретінде танылып жүр. Одан бөлек, эстрада жұлдыздарының бейнебаяндарына түсіп, танымалдалығын арттыруда. Талантты бойжеткеннің бүгінгі таңда Instagram желісінде 400 мыңға жуық оқырманы бар.

Орыс халқы «Талантты адам барлық қырынан да талантты болады» деп біліп айтса керек-ті. Бірнеше өнерді тоғыстырған Анардың бүгінде өз жанкүйерлері бар. Актриса фортепианода шебер ойнайды.

«Ирония судьбы» фильміндегі Марина Цветаеваның сөзіне жазылған «Мне нравится» әнін білмейтін адам кемде-кем. Аталмыш туынды Анардың орындауында түрлене түскендей. Желі оқырмандары оның талантын жоғары бағалап, үлкен сахнаға шығуға кеңес берді. Кейбіреулер отандық танымал продюсерлерді Анардың парақшасында белгілеп, шын таланттарға көңіл бөлуге кеңес берді.

Ал Анардың орындауындағы үнді әні желі қолданушыларын тіптен ғашық етті.

Жіберіп алмаңыз: 

Жаңа хит: Төреғали Төреәлі мен Фарида Жолдасова тағы да дуэт жаздырды (видео)

Әсел Сәдуақасова «ана» атанды

Алматының салықшылары есеп машинкасын таныту үшін Нұрлан Абдуллинді ханға «айналдырды»

Фанаттары Бейонсені қолдау үшін өз денелерін кесіп қан ағыза бастады (фото)

Талқылау