Ақтөбеде жігіттер арбадағы қарияны ұрламақ болғандарды ұрып тастады (видео)
Ақтөбеде белгісіз біреулер тұрғылықты мекен жайы жоқ арбаға таңылған қарияны ұрламақ болды. Алайда тұрғындар қарияға араша түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Желіде оқиғаның видеосы тарады. Оның жазбасында мүгедектерге арналған арбада отырған қарияны ұрламақ болғаны жазылған.
Видео кадрларынан белгісіз біреулердің арбаға таңылған қарияны көлікке отырғызып, ұрламақ болғаны көрінеді. Алайда бірнеше жігіт көліктің есігін ашып, оларды ұрып тастап, қарияны құтқарып қалды.
Полициядағылар көлікті тізгіндеген адамның тұлғасы анықатлып, ұсталғанын мәлімдеді.
"Таксист анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Жолаушыларды қайдан алып, қай жерге жеткізгені анықталуда. Сондай-ақ кешеден бері төбелеске қатысқан жолаушыларды анықтау жұмыстары жүріп жатыр", — дейді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"