Ақтөбелік жігіт валентин ашықхаттарын жою үшін іс-шара ұйымдастырды (видео)
Ақтөбе қаласының тұрғыны валентин күніне арналып шығарылған ашықхаттардың көзін жою үшін, оларды сатып алған. Жігіт біздің елімізде Әулие Валентин күні деп аталатын мейрам жоқ, сондықтан оларды таратуға болмайды деп наразылық білдірді. Оның айтуынша, тек жас буын өкілдері ғана осындай ашықхаттарды таратын жүрген көрінеді.

«Менімен тағы бір адам осы ашықхаттарды сатып алды. Менің мақтанғаным емес. Біз тек оларды ешкім таратпасын деген оймен сатып алдық. Жастар жаман әдет алып кетпесін деген оймен жүзеге асырдық»,-дейді Ақтөбелік жігіт видеода.
Бұл туралы Диапазон-ға сілтеп, Stan.kz хабарлайды.
Жігіттің ойынша, бұл біздің салт-дәстүрімізге тән емес.
«Осыған 20-50 теңгелеріңді құртқанша, онда сол ақшаны қайырымдылық қорапшасына салыңдар немесе мешітке апарып беріңдер»,-дейді жігіт.
Желіде әлі күнге дейін дау тудырып жүрген валентин күні туралы видео тарап жүр. Қазақтың салтына жат бүл күнді атап өтуге қарсылық білдірушілер саны өте көп. Белсенділер шет елдің мейрамын атап өткенше, өзіміздің төл мерекелерімізді ескергеніміз жөн дейді.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"