Ақтөбелік Қазақстанның жарқын болашағына сенбеген жігітті сотқа берді

Сейсенбі, 26 Шілде , 2016 17:49

Ақтөбеде ерекше сот ісі қаралды. Ақтөбе тұрғыны Қазақстанның болашағы жарқын болады дегені үшін айыптап, көңілге тиерлік сөз жазған желідегі танысын сотқа берді.

587210f08807d2374fe7f5afa1e5c38f

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

1 сәуір күні Аслан (есімі өзгертіліп берілді) есімді жігіт әлеуметтік желідегі парақшасында: «Біздің еліміз қызық осы: зейнет жасын ұзартады, бірақ жұмыс істейтін жер жоқ. Көлігіміз үшін салық төлейміз, бірақ жаман жолдармен жүреміз. Бағалар өсіп жатыр, ал жалақы азайып жатыр», – деген жазба жариялаған. Оған жауап ретінде Қайрат есімді танысы «Ұнамайтын адамдарды ұстамаймыз» деген пікір қалдырған. Осыдан соң Аслан оның патриот еместігін айтып, балағаттаған. Қайрат оған еліміздің болашағы жарқын екенін түсіндіргісі келгенде, Аслан оған одан әрі көңілге тиерлік сөздер жазған.

Осыдан соң Қайрат желіде жазысқан жазбаны скриншот жасап, сотқа арызданған.

«Бұл менің патриот болғаныма қарамастан кері пікір жазылған және елімізге қатысты айтылған жазба», – деді арызданушы сотта.

Аслан өз әрекеті үшін жауап беруге міндетті екенін білген соң, мәселені бейбіт түрде шешуге тырысты. Ол өз кәнісін мойындап, өзінің жазбасын парақшасынан алып тастауға және көпшілік алдында Қайраттан кешірім сұрауға уәде берді. Қайрат оны кешіріп, сот отырысы тоқтатылды.

Дмитрий Матвеев

Жіберіп алмаңыз:

Талдықорған полицейлері желідегі қалжың постқа ренжіп, авторды сотқа берді

Француз жігіті қиындығы жоқ жеңіл жұмыс істеткен басшылығын сотқа берді

Алматы облысында жігіт “Вконтактеде” ғашық болып қалған қызын сотқа берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар