Ақтөбелік жігіт “Алло” хитінің авторына зорланғанын айтып, сұмдық жайттың бетін ашты

28 жастағы Шалқар қаласының тумасы ер адамға зорланғанын айтып, сұмдық жайттың бетін ашты. Ол мінезінің жуас екенін алға тартып, соның салдарынан ер азаматтарға “жемтік” болып келгенін мәлімдеді. Өзін Қыдырбай Сүйінов деп таныстырған азамат “Алло” хитінің авторы, сазгер Құрал Молжановты өзіне зорлық көрсетті деп айыптады.

Қыдырбай Сүйінов бастан өткен хикаясын желідегі “Үшбу хат” парақшасына жолдаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Мен ер баламын, 1997 жылы елге көшіп келген оралманмын. Айтайын дегенім, мені 7-сыныпта зорлады. Жарайды, мен өзім жуас, қыз сияқтымын. Мені одан кейін де зорлайтындар көбейді”, – деген жігіт өзіне бірнеше мәрте қол салмақ болғанын да жасырмай айтты.

newtimes.kz-ке берген сұхбатында Қыдырбай Сүйінов белгілі композитор Құрал Молжановты өзіне зорлық көрсетті деп айыптаған.

“Ол кезде Құрал туыстарымен бірге вокзал жанында отын сатумен айналысатын. Алғашқыда екеуміз жақсы араласатынбыз. Екеуміздің жасымыз да шамалас. Бірақ кейін ол пышақпен қоқан-лоққы көрсетіп, мені зорлады. Ақырында онымен үш жыл бойы кездесіп жүруге мәжбүр болдым. Себебі ол мені ұрып-соғып, доқ көрсететін”, – деп еске алады ол.

Ал Құрал Молжановтың өзі аталған жайттың болғанын жоққа шығарды.

“Ондай болған емес. Есімде, бала кезімізде қатарластарым Қыдырбайды ұстап алып, мазақ қылатын. Бірнәрселер айтқызып, тіпті стриптиз билеуге мәжбүрлейтін. Мен өзім намаз оқимын. Дәл қазір осы нәрсені ауызға да ала алмаймын, жаңа ғана жұма намаздан шықтым.

Өзім таңғалып тұрмын. Мүмкін оны әлдебіреулер ұстап алып, сіздерге қоңырау шалуға мәжбүрлеген шығар?! Бұрын ауылда жігіттер солай жасайтын. Бұрын жігіттер оны ұстап алып, көшеде билеткізіп, камераға түсіретін. Мүмкін осы жолы да солай шығар? Маған оның номерін беріңіздер, ақ-қарасын анықтайын. Мына әңгіме мені ашуландырып отыр. Мен, міне үш жылдан бері Алматыда тұратын адаммын”, – деп жауап берді ол.

Жіберіп алмаңыз: 

Қарағанды жастары Төреғалидің концертіне қарсы шығып жатыр

Алмас Кішкенбаевтың әйелі ажырасқандарын мәлімдеді

Шашы тақыр, костюмі ұзын: Төреғалидің сахналық образы желіде қызу талқыға түсті (видео)

Айдана Меденова туған бауырларымен бірге марқұм анасына арнап бейнебаян түсірді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
24.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар