Ақтөбелік шенеуніктердің мәдениетсіздігі жұртты шошытты
Ақтөбе облысының әкімдігінде шенеуніктер бірін-бірі таптап кете жаздады. Жиналыстан шыққан олар киім ілетін жерге сыймай, кезекке таласып қалған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Сырт киімін алу үшін асыққандар – білдей бір ауыл әкімдері мен басқарма басшылары. Оларды аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев демалыста облыс активіне шақырыпты. Жиналыстан жалықты ма, әлде демалуға асықты ма, мемлекеттік қызметкерлердің барлығы сыртқа шығуға жанталасқан. Сабақтан қашқан баладай барлығы кезексіз киімін алу үшін бір-біріне қарар емес. Әкімдіктегілер енді келесі жиналыста мемлекеттік қызметкерлердің мұндай қылық шығармауын талап етеміз деп отыр.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан