Ақтөбелік әйел ұлына қыздың есімін беріп, перзентханаға тастай қашқан

1995 жылы Алтынай Әлбекова ұл баланы дүниеге әкеліп, босанғаннан үш күн өткеннен кейін перзентханадан қашып кеткен. Содан бері тастанды бала анасын іздеумен келеді.

Бұл туралы Ақтөбе Таймс хабарлайды.

Салам Әлбеков 1995 жылы 30 тамызда дүниеге келген. Анасы босанғаннан үш күннен кейін баласын тастап, перзентханадан қашып кеткен. Шарасыз дәрігерлер сәбиді «Үміт» балалар үйіне тапсырған екен. Самал Әлбеков 4 жасқа келгенде, оны Алғадағы балалар үйіне ауыстырған. Тағы бірнеше жыл өткеннен кейін Тамды ауылындағы балалар үйіне ауыстырылыпты. Соңғы жылдары Самал Жайсаңдағы интернатта тұрып, колледжде білім алған. Ол жерде жүріп алғаш рет әпкесімен ұшырасыпты.

«Біз 9-сыныпта оқып жүрген кезімде кездестік. Ол маған тіркеуге тұруыма көмектесетінін айтты. Қатты қуанып, қажетті құжаттың барлығын жинап, балалар үйінен шығып кеттім. Бірақ әпкем белгісіз себептермен өз ұсынысынан бас тартты. Салдарынан бірнеше күн бойы далада күнелтуіме тура келді. Не істерімді білмегендіктен, қайтадан балалар үйіне қайтып барғым келді», – дейді Самал.

Самалды интернет қайта қабылдамаған. Бірақ жұмыс ұсынған екен. Самалдың бұрынғы жетекшісі Мұхтар Ағраулин жеткіншекті шаруа қожалығына қойшы ретінде жұмысқа тұрғызыпты.

«2014 жылы жұмыс беруші алдап соғып, барлық құжатымды тартып алды. Басқа жұмыс іздеу үшін қашып кеттім. Үш жыл бойы әр түрлі адамдардың қоластында қойшы болып жүрдім. Олар мені қорлап, ақша төлеуден де бас тартты. Өмірім нағыз сұмдыққа айналды», – деп қынжылды Самал.

Біраз уақыттан кейін жігіт Махамбет есімді ауылдасымен танысыпты. Ол Самалға қолынан келгенше жәрдем беріп, өз үйіне тіркеуге тұрғызып, құжаттарын қалпына келтіруге көмектескен.

«Қазір Ақтөбедегі жатақханада тұрамын. Дәнекерлеуші курсын оқып жатырмын. Ол жерге жұмыспен қамту орталығы арқылы орналастым. Өмрімде жалғыз мақсатым бар. Ол – анамды табу. Одан: «Неге мені тастап кеттіңіз? Неліктен маған қыздың есімін бердіңіз? Жазығым не? Неге мен жалғызбын? Неге бақытсызбын?» – деп сұрағым келеді. Мен отбасыммен қауышу үшін қолымдағының бәрін берер ем…», – дейді Әлбеков.

Самалдың сөзінше, туған әпкесі өзімен араласқысы келмейді. Ол әкесін де тапқан екен. Бірақ ол да өз баласынан бас тартқан.

«Әкем мені өз қаны деп санамайтынын, анамның қайда екенін білмейтінін айтты. Естуімше, анам менен кейін де бірнеше баланы босанып, перзентханада тастап кеткен екен», – дейді Самал Әлбеков.

Оқи отырыңыз:

Қазақстан тұрғыны көшеге шығып, Қырғызстанмен арадағы достықты нығайтуға үндеді (видео)

Жаңаөзенде тепловоз қатысуымен болған апатта 9 адам көз жұмғаны анықталды (фото, видео)

Маңғыстауда «Газель» мен тепловоз соғысуының себептері анықалып жатыр

Астанада Сарыарқа ауданы прокурорына қарсы қылмыстық іс қозғалды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.02.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар