Ақтөбедегі жағажайда балаларды топырақ басып қалды
Ақтөбе қаласында жағажайда демалып жүрген балаларды топырақ үйіндісі басып қалды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агентітігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

«22 шілде күні сағат 12.47-де Ақтөбе су қоймасының «Інжу» жекеменшік жағажайында демалушылардың үстіне жардан бөлінген топырақ үйіндісі құлады. Оқиғаға куәгерлері 2017 және 2016 жылы туған екі қызды құтқарып қалды. Олар түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады Руслан Иманқұлов.

Комитет өкілі сондай-ақ, Төтенше жағдайлар комитеті Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсеткенін де атап өтті.
Сонымен қатар, оқиға орнына Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Шұғыл-құтқару жасағының құтқарушылары жұмылдырылды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"