Ақтөбедегі лаңкестердің 7-уі өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Дүйсенбі, 28 Қараша , 2016 17:19

Ақтөбедегі лаңкестік оқиғаға қатысты сот үкімі шықты.

20161117123929

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Сотталушы Азамат Әбдірахманов 20 жылға, Айдос Жұбанов 22 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы Ж.Қуанышбаев, Ә.Ақпанбетов, Б.Қуанышбаев, А.Таңатаров, А.Рахметов, А.Садихов, А.Ималиев өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Қылмысты жасырып қалған 18 сотталушы 2 жылдан 5 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Қылмыскерлерді жасырған Мирлан Ердауов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Үсен Өтеповке 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Өмір бойы түрмеге қамалғандар ерекше режимдегі колонияда отырады. Мүліктері тәркіленеді.

Белгісіз адамдар тобы  қаладағы екі қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, нәтижесінде бейбіт қала тұрғындары мен әскери қызметкерлер оққа ұшқан. Қалада террорға қарсы операция режимі енгізілді. ІІМ мәліметінше 13 қарақшының жолы кесілген. Соңғы деректер бойынша шабуыл кезінде жалпы саны 8 адам көз жұмған. Ішкі істер министрлігікүдіктілердің діни радикалды ұйымға қатысы барболуы мүмкін деп атады.

Ақтөбедегі теракт барысында қарапайым қала тұрғындары мен әскери адамдар запа шегіп, өмірлерімен қош айтысты.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар