Ақтөбедегі лаңкестердің жоспарды қалай құрғаны белгілі болды

Жексенбі, 23 Қазан , 2016 21:40

Ақтөбеде болған лаңкестік шабуылды Дмитрий Таңатаров ұйымдастырған. Теріс ағымның жетегінде кеткен жас жігіттерді жинап, сойқан салуға екі апта бойы тыңғылықты дайындаған да сол 27 жастағы лаңкес екен, деп хабарлады КТК.

3062efedd20f84d652b5078acd75ed45

Содырлар сотының жабық өтуіне байланысты ақпарат барынша құпия ұсталғанымен, құжаттың бір данасы жергілікті газетке жарияланып кетті. Прокурорлар сонда да Таңатаровқа қатысты мәліметті ашып айтпай отыр.

“Таңатаров әу баста осы топты басқарған. Бағыт-бағдар берген”, – дейді ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко.

Жиһадшы жігіт алдымен Сирияға да аттанбақ болыпты. Бірақ құжаты мен ақшаның жоқтығынан кете алмаған. Ақыры Арман Айтуған есімді сыбайласымен бірлесіп қалада ылаң салуды жоспарлайды. 18 жастағы Сұлтан Қабиевті ертіп, жиһадқа шығуға жігіттерді жинаған. Жалдамалы пәтерде үгіт жүргізіп, соңына ергендерін шабуылға ала кеткен.

Террорист Таңатаров қару-жарақ дүкенін алдын ала зерттеген екен. Мылтық пен оқ-дәрінің ашық тұрғанын да біліпті. Содырлар жолында кездескен адамдардың ешбірін аямаған. Амалсыз тәртіп сақшыларынан із суытқанда қала шетіндегі саяжайлар мен орман алқаптарында бой тасалайды. Таңатаровтың өзі танысы арқылы үш сыбайласымен жалдамалы пәтерге жасырынады. Тәртіп сақшылары сол жерде оның көзін жойған болатын. Қазір тірі қалған 9 содыр мен олардың 20 сыбайласы сотталып жатыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
1 ай 15 күні кері

Іштен шыққан жау жаман…

Анонимно
1 ай 15 күні кері

Оларды несине соттайды лудще атып тастасын халыктын алдына шыгарып сол кезде салафит сымактар сабасына бирден тусер

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар