Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі терактіден соңғы сәтте бас тартқан “діндардың” ағасы мән-жайды айтып берді

Ақтөбеде маусымның 5-і күні болған, 20-дан астам адам қаза тапқан терактіге қатысты 67 қылмыстық іс қозғалғанын осы өңір прокуратурасы хабарлады. Сол іске қатысы бар делінген Әлижан Пірмағанбетов те қолына қару алып шабуылға аттанғандардың қатарында болыпты.

85AB2DE9-BC73-436D-8DC4-521A8310BC1A_cx0_cy58_cw0_w987_r1_s_r1 Бұл туралы "Азаттық" хабарлайды. Қорғаушысы мен туыстары оның "шабуылшылардан соңғы сәтте бөлініп кеткенін" айтады. Оған Қазақстан қылмыстық кодексінің 434-бабы бойынша айып тағылған. 434-бап "Қылмыс туралы хабарламау" деп аталады. Онда"дайындалып жатқаны немесе жасалғаны анық аса ауыр қылмыс не дайындалып жатқаны анық терроризм актісі туралы" хабарламаған адамның 6000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жылға дейін сотталатыны жазылған. Туыстарының сөзіне қарағанда, 41 жастағы Әлижан Пірмағанбетовтің "тұрақты жұмысы болмаған, бес-алты жыл бұрын намазға жығылған". Биыл мамыр айында ол Ақтөбеден Ақтауға барып, құрылысқа жалданған. Ағасы Мұхит Пірмағанбетов оның "Ақтаудан араға ай салмастан Ақтөбеге қайта оралғанын" айтады. Мұнысын отбасына "жолдас балам ұлының туған күніне шақырды" деп түсіндірген. "Ақтөбеге маусымның 4-і келді. Ертеңінде қонаққа барған. Қарулы шабуыл жоспары сол жерде дастарқан басында жария етіліпті. Алдында іштеріндегі біреу телефондарын жинап алады. Сірә, сыртқа хабар тарап кетпесін десе керек. Есікті іштен бекітіп, "бүгін өлеміз, бірге болайық" деп үгіттейді. Сәлден соң бәрі орындарынан тұрып, "Паллада" дүкеніне барған. Әлижан олардың әзілдеп жүрмегенін қару дүкенінің қасына барғанда бір-ақ түсінеді. Сол жерден алды-артына қарамай қашып кеткен", - дейді күдіктінің ағасы Мұхит Пірмағанбетов. Мұхит інісін "қылмысты жасырды" деп санамайды. Оның айтуынша, Әлижан "Паллада" дүкенінің алдында өз көзіне сене алмай, есеңгіреп қалған. "Бес-алты жылдан бері аралас-құралас достарын қантөгіске барады деп ойламаса керек. Әлі де түс көрген адамдай", - дейді Мұхит. Маусымның 5-і күні қару-жарақ сататын "Паллада" дүкені маңынан "Малышка" саяжайындағы үйіне жеткен Әлижан алдымен сақалын қырып тастайды. Ертеңінде ағасының үйіне келіп, болған жайтты баяндап берген. "Естіген бойда "полицияға бар" дедім. Ол «Полиция менсіз де бәрін біледі. "Үйге келсем Ақтөбеде атыс болды деп хабарлап жатты" деді. Бәрібір бару керектігін айтқанымнан кейін "жақсы" деп кетіп қалған. Соның арасынша Әлижанды ҰҚК шақыртқан. Тұтқынға ҰҚК-ге барған маусымның 6-сы күні алынды", - дейді Мұхит Пірмағанбетов. 976CAA35-19E9-4C72-97FC-07F9DB09E72B_w610_r0_s
Күдіктінің ағасы Мұхит Пірмағанбетов
Үш айдан бері тергеліп жатқан Әлижан Пірмағанбетов Қарақалпақстанның Нөкіс қаласында туған. Туыстары "бес-алты жыл бұрын намазға жығылды" деп сипаттайтын жігіттің келіншегі Айгүл де "дін жолын ұстанады". Үш жастағы Хасан мен бір жастағы Омар есімді екі ұлдың анасы Айгүл - жұмыссыз. Туыстары "отағасы ұсталғалы саяжайда тұратын отбасының жағдайы қиындай түскенін" айтады. Әлижан – көп балалы отбасының кенжесі. Ағасының сөзіне қарағанда, ешкім бетінен қақпай өсірген ол бір кездері ішімдікке әуес болған. "Соның кесірінен отбасы шырқы бұзылып, бірінші әйелімен ажырасып тынады". Кейін "дін жолына түскен " інісінің ішімдікті татып алмайтынына Мұхит Пірмағанбетов "іштей қуанып жүрген". "Бірақ жалбыраған сақалы ұнамайтын. Талай айттым. Біздің әкеміз - өле-өлгенше намаз оқыған адам. Ініме "сенің намазың біртүрлі" дейтінмін. Маған ренжіп те жүрді. Өткенде тергеу изоляторына барғанымда "Сенікі жөн екен, кешір" деп қайталай берді. Өзі баладай аңғал, кісіге сенгіш болатын. Сол мінезінен тапты", - дейді ағасы. Әлижан Пірмағанбетовтің адвокаты Ғалым Қарымсақов Азаттық тілшісіне тергеу жүріп жатқандықтан "әзірше ештеңе айта алмайтынын" мәлімдеді. Ал айыптаушы тарап маусымның 5-і Ақтөбеде жасалған шабуылдарға қатысты мәліметтерді құпия ұстап отыр. Сондықтан шабуылдан соң нақты қанша адамның қамалып, оларға қандай баптар бойынша айып тағылғаны беймәлім. Бұған дейін Ақтөбедегі теракті кезінде террористердің бірін тірідей ұстап, полицияға тапсырған ер адамның марапатталғанын хабарлаған едік. Еске сала кетсек, белгісіз адамдар тобы 5-ші маусымда қаладағы екі қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, нәтижесінде бейбіт қала тұрғындары менәскери қызметкерлер оққа ұшқан. Қалада террорға қарсы операция режимі енгізілді. ІІМ мәліметінше 13 қарақшының жолы кесілген. Соңғы деректер бойынша шабуыл кезінде жалпы саны 7 адам көз жұмған. Ішкі істер министрлігі күдіктілердің діни радикалды ұйымға қатысы барболуы мүмкін деп атады. Ақтөбедегі теракт барысында қарапайым қала тұрғындары мен әскери адамдар запа шегіп, өмірлерімен қош айтысты.
Талқылау