Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылар мұғалімді сабап тастаған

Ақтөбедеі Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушылар мұғалімді соққыға жыққан.

Аталған оқу орнының ашылғанына биыл 5 жыл толады. Мектептегі келеңсіздікке байланысты салтанатты шара кейінге шегеріліп жатқанға ұқсайды, деп хабарлайды «Тілші».

Алайда, оқу орны басшылығы бұл жайттың тарап кетпеуіне алаңдаушылық білдіріп отырған сыңайлы.

Облыстық білім басқармасы басшысы Ләззат Оразбаева Назарбаев зияткерлік мектебінің басқармаға қарамайтынын айтады. Өз кезегінде, облыстық ІІД департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов НЗМ бойынша арыз түспегенін хабарлады.

Назарбаев зияткерлік мектебінің өкілдері оқу орнында келеңсіздік болғанын «Тілшіге» растап отыр.Әзірге, соққыға жығылған оқытушының ер немесе әйел адам екені белгісіз.

Тағы да оқыңыз:

Ақтауда 21 тұтқынға тосқауыл болған күзетшінің ерлігі жайлы фильм түсірілді

Оғыз Доған: Өзім түрік болсам да, қазақ қыздарының түріксымақтарға тұрмысқа шығуына қарсымын

Елімізде ең ұзақ есімімен танымал Ақпантоқпантұрарқожа сотталғалы жатыр

Талқылау