Ақтөбедегі мұнай ұрлығына қатысты Ішкі істер министрлігінің лауазымды шендісі ұсталды
Ақтөбедегі мұнай ұрлығына қатысты тұтындаулар енді Астанада жалғасып жатыр. Бұл жолы Ішкі істер министрлігінің лауазымды тұлғасының қолына кісен салынды, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Рахат Аханов тіпті тергеуге алу үшін Ақтөбеге жеткізіліп те қойған. Оған осы аймақта қара алтын ұрлаумен айналысқан топқа қолдау көрсеткен деген айып тағылып отыр.
Рахат Аханов 5 жыл бойы Ақтөбеде облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары болған. Жаздағы лаңкестік оқиғадан соң қызметін ауыстырып, Астанаға кеткен еді. Мәліметтерге қарағанда, Аханов Ақтөбедегі қара алтын ұрлаған мафияның әрекетіне көз жұмғанымен қоймай, мұнайды өткізуге көмек беріпті.
Осы қылмыстық топты «Ағайынды төртеудің» серкесі Еркін Ізбасар басқарғанын айта кетейік. Арбаға таңылған ол қазір сыбайластарымен бірге қамауда отыр. Қылмыстық топ құрамында болған 16 адамның арасында салафиттер мен құқық қорғау органдарының өкілдері бар.
Бұған дейін Ақтөбеде арнайы операция жүргізіліп жатқанын хабарлаған едік. Кейінірек жағдайға қатысты ҰҚК түсініктеме де берген.
Еркін Ізбасардың анасы ұлының мұнай ұрламақ түгілі, билетке ақша таппай қиналып өмір сүргенін айтты.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық