Ақтөбедегі мектеп директоры: Орамал таққан оқушыны кіргізбегенім үшін мені «браттар» қорқытты

Бейсенбі, 9 Қараша , 2017 19:07

Жантүршігерлік оқиға Ақтөбе қаласындағы №11 мектепте болған. Бәрі бейнекамераға түсіп қалған. Бұл туралы мектеп директоры айтып берді.

Көрнекі сурет

«Бұған дейін бірінші класта мектеп формасы бойынша ешқандай мәселе болып көрмеген. Биыл бірінші класқа орамал тағып жүрген қыз келді. Анасына орыс тілінде білім беретін мектепте діни киім киюге болмайтынын алдын ала ескерткен болатынбыз. Ата-анасы келісті. Бірақ бірінші қыркүйекте бала орамалмен келді. Бір апта бойы анасына ескерту айтып жүрдік», — дейді өзін №11 мектеп директоры деп таныстырған білім саласының қызметкері, деп хабарлайды aktobenews.kz.

Белгілі болғандай, қыздың анасы — былтырғы лаңкестік оқиғаға қатысқан террористің әйелі. Директордың айтуынша, қыз тұйық мінезді. Анасының көзінше мұғалімдермен мүлдем сөйлеспейді. Үш жасынан бері орамал тағып жүрген ол өзге ер адамдардың қасына баруға қорқады. Тек үйінде ғана орамалсыз жүреді екен.

«Қыздың бойында ешқандай психологиялық күйзеліс болмасын деп тағы екі апта уақыт бердік. Ақыр соңында, бұл үлкен дау-дамайға ұласты. Қыздың анасы былтыр 5 маусымда қаза болған террористің әйелі екен. Оның төрт баласы бар», — дейді директор.

Қыздың ағасы №11 мектепте оқығанда, сақалды «браттар» баланы мектепке әкеліп, әкетіп жүрген. Ал кәмелет жасқа толмаған бала жұма сайын мешітке барған.

«Әрине, осыдан кейін анасымен басқаша сөйлесе бастадық. «Сіз балаларыңызға діни ілімді таңып жатырсыз. Сіз дінді тек отбасыңызда емес, мектеп аймағында да үгіттей бастадыңыз. Директор, мектеп басшысы ретінде сізге бұлай істеуге тыйым саламын. Өйткені бұл басқа балаларға да әсер етеді» деп айттым оған. Ал басқа ата-аналар болса, маған осы мәселе бойынша бірнеше рет хат жолдады», — деді мектептің басшысы.

Директордың сөзінше, қыз бала мектепке кіргізілмей жүр. Себебі ол орамалын шешсе де, басына бұрымын ғана көрсететін шүберек орап алған.

«Өздерін «браттар» деп атайтын адамдар мектеп ауласында менімен сөйлескілері келді. Ымдап мені қорқытты. Бұл сәт бейнекамераға түсіп қалды. Акт толтырылды. Айтайын дегенім, мұғалімдер жалғыз өздері жұмыс істей алмайды. Біздің әрекеттерімізді заңды екенін көрсете алатын мектепке заң қызметкері керек», — деген мектеп директоры ішкі істер және прокуратура органдарының көмегіне зәру екенін айтты.

Тағы да оқыңыз:

Айнұр Тұрсынбаева: Оқушы күнімде жұлдыз Мейрамбектің мені танитынын біліп жүрегім тоқтап қала жаздаған

Мақпал Жүнісова өзіне өмірлік серік іздейтінін жасырмады

Астаналық әйел дәрігерлердің қателігінен бір омырауынан айырылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар