Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: Тележүргізушінің неден қайтыс болғаны анықталды

Ақтөбеде сәуір айында қаза болған тележүргізуші Айзат Әбдісаматтың өліміне қатысты сот отырысы өтті. Отырыста сот-медициналық сараптама қорытындысы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айзат Әбдісамат

Айзат Әбдісамат мінген лифті жөндеуден өткенімен, қауіпсіздік ережесі сақталмаған деп айыпталуда.

Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, журналист кеудесі қысылып, тұншығып қалғандықтан көз жұмған. Көп қан жолғатқан.

“Айыпталушы Кенен Жанабеков өз міндетіне алған жұмысты тиянақты атқармаған. Жарылқасын Ақжанов бір реттік жөндеу жұмыстарына тартылған. Олар ауызекі тілде келісіп, келісімшартқа отырмаған. Жөндеу жұмыстары кезінде өз ісіне салғырт қарап, қауіпсіздікті ескермеген”, – деді прокурор Асхат Сәрсенбаев.

Айзат Әбдісамат

Марқұм журналистің күйеуі сотта болған оқиғаны қайта баяндады.

“Жұмыстан келіп, лифтіге мінбек болғанымда істемей тұрғанын көрдім. Екінші қабатта адам қаптап жүр екен. Лифтіде әйелімнің ілініп тұрғанын көрдім. Жылап жатқан қызымды дереу үйге кіргіздім. Ол кезде әйелімді лифтіден шығарған екен. Қызымды дәрігерге қараттым. Бәрі осылай болы. Ол лифт үнемі бұзылатын. Жасап жатқанын көргем емеспін. Бірақ ай сайын қызметі үшін ақысын төледік”, – дейді Қайыржан Ерқасымов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау