Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде 11 жетім баланы асырап алған отбасы баспанаға зәру

Ақтөбеде жетімдердің қорғанышы болған отбасы баспанаға зәру. 11 баланы бірден қамқорлықтарына алып, асыраған ерлі  -зайыптылар тұрып жатқан үйлеріне сыймай жатыр. Бар тілегі-билік тарапынан немесе жомарт жандардан қолдау болса екен дейді.

Безымянный

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ақтөбеде Жетесовтер отбасы 11 жетім баланы бірден қамқорлықтарына алып, асырап бағып отыр. Қазір олардың  алды  21 де, ал ең кенжесі 3 жаста. Асыранды балаларды туғанындай көрген Өмірхан Жетесов “қолдан келгенше барлығын өнерге баулып, аспаптарда ойнатуға баулып жатырмын”,-  дейді . Алайда бір шаңырақтың астына жиналған әулеттің басты қиындығы баспана болып отыр.  Балалар ер жеткен сайын бар үйіміз тарлық етіп, қиындыққа тап болдық дейді отағасы.

-“Балалар өскен сайын біздің үйіміз тарылып бара жатыр, кеудеміз кең болғанымен, осы күні мына гостинныйда отырмыз, енді қонақ қабылдайтын орнымыз, балалардың киімі, инструмент соған толып кетті”, – дейді Өмірхан Жетесов.

Ерлі  -зайыптылар алғаш рет бала асырап алу туралы шешімге 2008 жылы келіпті. Сол жылы жетімдер үйінен шекесі торсықтай ұл баланы көріп, бауырларына басқылары келгендерін айтады.  Асырап аламыз деп құжаттарды рәсімдеп жүргенде көзі моншақтай, қазақтың әдемі кішкентай қызын байқап қалдық дейді. Ерлі  -зайыптылардың айтуынша, сол қара қызды шетелдіктер асырап алайын деп жатқан жерінен қарсы тұрып, алып қалған екен.

– “Мынандай шашы бар, мынандай қасы бар қиылған әп-әдемі қазақтың қара қызын қалай мен Америкаға жіберемін? Мінекей алып қалдық. Жұлдызай деп атын қойдық”, – Өмірхан Жетесов.

Ал, Америкаға аспай қалған Жұлдызайдың арманы қамқорлық көрсетіп отырған әке шешесінің амандығы. Өнерге жақын қыз өскенде әнші болғысы келеді.

– “Папа мамады жақсы көрем, мен өскенде оларды бағам, – дейді Жұлдызай.

Ал жергілікті басқарушы тарап бұл патронатты отбасына мемлекет тарапынан болсын, қолдаушылар тарапынан болсын көмектің көрсетіліп жатқанын айтады. Ал, баспана мәселесі бойынша бір шаршы метрмен есептесе, ол да жеткілікті екен.

– “Тех паспорт бойынша  квадратурасы 200-ден астам 230 квадратураны көрсетіп тұр, әр балаға 15 квадратурадан болу керек заң бойынша, сай келіп тұр”, – дейді Ақтөбе қалалық білім бөлімі бала құқығын қорғау бөлімінің бас маманы Мира Нұрғалиева.

Ерлі-зайыптылардың армандары да жоқ темес. Ол облыс басшысы Бердібек Сапарбаевты үйіне қонаққа шақырып, балалардың өнерін көрсеткісі келеді.

Талқылау