Ақтөбеде жаяу жүргінші жолына шығып кеткен көлік 9 жасар баланы қағып кетті (видео)
Ақтөбеде жаяу жүргінші жолына шығып кеткен жеңіл автокөлік 9 жасар баланы қағып кетті. Жол апаты бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Видео zello_aktobe парақшасында жарияланды.
Оқиға 5 сәуір күні сағат 18:39 шамасында Маресьева көшесінде болған.
Ақ түсті Kia Rio автокөлігі жолаушысын түсіре сала, көліктің артымен жылжиды. Сол жерден өтіп бара жатқан баланы қағып, бірнеше секундтан кейін байқайды.
Видеодан баланың көліктің астынан шығып жатқанын байқауға болады.
Желі қолданушыларының көбі бұл жерде мектептің орналасқанын және қандай жағдай болмасын жүргізушіні жазалау керегін жазған.
Видео авторы куәгерлер болса, көліктің нөмірін көргендеріңіз бар ма деп сұраған.
Тағы оқыңыз:
11 жасар қазақ қыздары жеке кәсіптерін ашып, табысқа кенелудің жолын тапқан
Қостанайда ірі сауда орталығында өрт болды
Алматыдағы өрт: Байбек көпқабатты тұрғын үйді қалпына келтіруді тапсырды
Полиция әлеуметтік желі арқылы тараған Ақтаудағы педофил туралы болжамды жоққа шығарды
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды