Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жастарды лаңкестік әрекет жасауға үгіттеген содырдың көзі жойылды

Ақтөбедегі лаңкестік әрекетті жасауға жастарды үгіттеген содырдың бүгін көзі жойылды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

8007297

Ислам мемлекеті ұйымы басшыларының бірі болған Әбу Мұхаммед Аднаниді АҚШ әскерилері Сириядағы арнайы операция кезінде атып өлтірген.

Аталған лаңкестік ұйым да ресми мәлімдемесінде әл Аднанидің қаза тапқанын растады. Ол Алеппо аймағындағы операцияға жетекшілік етіп жүрген кезінде оққа ұшыпты. 39 жастағы содыр – бірқатар елдерде тыйым салынған Ислам мемлекеті лаңкестік ұйымының негізін салушылардың бірі.

Ол жылдар бойы жиһадшыларға үгіт-насихат жүргізумен айналысып келген. Тіпті оның Ақтөбедегі атысқа да қатысы бар. Әбу Мұхаммед еліміздегі қанды қырғынды тікелей Сириядан басқарып отырыпты. Ал лаңкестер терактіні Аднанинің жазбаларын тыңдағаннан кейін жасаған.

Бұған дейін Ақтөбедегі теракті кезінде террористердің бірін тірідей ұстап, полицияға тапсырған ер адамның марапатталғанын хабарлаған едік.

Еске сала кетсек, белгісіз адамдар тобы 5-ші маусымда қаладағы екі қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, нәтижесінде бейбіт қала тұрғындары менәскери қызметкерлер оққа ұшқан. Қалада террорға қарсы операция режимі енгізілді. ІІМ мәліметінше 13 қарақшының жолы кесілген. Соңғы деректер бойынша шабуыл кезінде жалпы саны 7 адам көз жұмған. Ішкі істер министрлігі күдіктілердің діни радикалды ұйымға қатысы барболуы мүмкін деп атады.

Ақтөбедегі теракт барысында қарапайым қала тұрғындары мен әскери адамдар запа шегіп, өмірлерімен қош айтысты. Сондай-ақ, Ақтөбедегі терактіден соңғы сәтте бас тартқан “діндардың” ағасы берген сұхбат та жарияланған болатын.

Оқи отырыңыздар:

ҚР ҰҚК бірнеше терроризм актілерін жоспарлаған радикалды топтың 4 мүшесін ұстады

ҰҚК төрағасы: Балқаш радиоторабына шабуыл жасауға экстремистердің күші жетпес еді

Қарағандыда ұсталған экстремистер ресейлік әскери бөлімге шабуылдауды жоспарлаған

Талқылау