Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жасөспірім 7 жасар баланы зорлаған

Ақтөбе облысы, Жилянка ауылының 16 жастағы тұрғыны 7 жасар баланы зорлады деп күдіктелуде. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы “Ақтөбе Таймс” басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Облыстық ішкі істер департаменті зорлау оқиғасын растады.

Ауыл тұрғыны полицияның тек үшінші күні сараптама жасағанын, нәтижесінің ата-ана қолына тимегенін айтып, басылымға шағым жолдаған. Сорақысы сол, зардап шеккен баламен психолог та жұмыс істемеген.

Тұрғындар кінәлі азамат жазадан сытылып кете ме деп қорқады. Құқық қорғау органдарының қызметіне күмәнмен қараған олар журналистерден көмек сұрап отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Stan.kz
Сенбі, 28 Шілде, 2018 14:42