Ақтөбеде жарылған телефонның салдарынан бойжеткеннің жарты денесі күйіп қалды
Ақтөбеде телефон жарылысынан 28 жастағы бойжеткенді күйік шалды. Қуаттандырғышта тұрған телефон жарылғанда бойжеткен ұйықтап жатқан.

Бұл туралы Диапазон хабарлайды.
Оқиға 17 желтоқсаннан 18-не қараған түні болды.
«Зардап шегушінің денесінің 60 пайызын күйік шалған. Аяғы мен қолы, беті, күйіп қалды. ІІ, ІІІ дәрежелі күйік диагнозы қойылды», – деп мәлімдеді Жедел жәрдем стансасының емдеу бөлімінің орынбасары Дастан Неталиев.
Телефонның қандай маркалы екені айтылмады. Анығы 1988 жылғы қыз ұйықтап жатқанда қасына ұялы телефоны қуаттандырғышта тұрған. Дәрігерлер бұған дейін мұндай жағдаймен бетпе бет келмегенін айтады.
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"