Ақтөбеде жартылай қыз, жартылай жігіт болып өнер көрсеткен азамат «Жігіт сұлтаны» атанды

Жұма, 15 Қыркүйек , 2017 19:05

Жартылай жігіт, жартылай қыз болып киініп, қос ғашықтардың диалогын оқыған 22 жастағы Мейрамбек Ниязов халықтың ықыласына бөленді.

IMG_1654-e1505474109953

Облыстық филармонияда «Айырық сұлтаны» атты жігіттер сайысы өтті. Жігіттің сұлтаны атануы үшін Мұғалжар, Хромтау, Қарғалы, Әйтеке би, Ырғыз аудандарынан үміткерлер келді. Алдымен сайыскерлер өздерін таныстырды. Сосын жасап келген қолөнер өнімдерін көпшілікке ұсынды. Біреуі қағаздан танктың макетін жасап келген, екіншісі, желім пайдаланбай, шырпылардан үй құрастырған, үшіншісі қылыш пен темір раушан әзірлеген, , деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Сондай-ақ, жігіттер қазақтың салт-дәстүрі мен тарихына қатысты сұрақтарға жауап берді. Кір тастарын көтеру сайысы жиналған жұрттың көңілін көтерді. Сайыскерлердің басым көпшілігі кір тасын бірінші рет көтеріп тұрған. Жеті қырлы, бір сырлы жігіттер соңғы айналымында өнерлерімен жұртты тәнті етті.

Мұғалжарлық Мейрамбек Ниязов халықтың ерекше ықыласына бөленді. Әр айналымда сүрінбей өткен Мейрамбек жартылай жігіт, жартылай қыз болып, қосыла алмай жүрген ғашықтардың диалогын бір өзі оқып берді.

IMG_1748-e1505473585990

«Биыл Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірдім. Мамандығым — филолог. Болашақта қазақ тілінің ғарыштап дамуына үлес қосатын тұлға болып қалыптасқым келеді», — дейді 22 жастағы Мейрамбек.

Әділқазылар алқасының шешімен бас жүлде Мейрамбекке берілді. Ол мақтау қағазы мен 100 мың теңге ақшалай сыйлықты еншіледі.

Айта кетейік, аталған шара Ақтөбедегі Мұғалжар ауданы күндері аясында өтті. Сайысты тамашалаған көрермендердің көбі мұғалжарлықтар болды.

Тағы да оқыңыз:

Ұлын мойындамаған алматылық жігітке ДНҚ сараптамасы әке екенін анықтап берді

Пайғамбарымыз (с.ғ.у.) балаларға қоюға тыйым салған есімдер

Әрбір бейсенбі күні әруақтар босағаға келіп құран дәметеді деген рас па?

Қаралы үйге заманауи түрде жапонша көңіл айту салтқа енетін болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар