Ақтөбеде жаңа туған сәбиге ата-анасы Дін деген есім қойған
Ақтөбеліктер дүние есігін ашқан сәбилеріне діни есімдер қоюды жиілетті. Ақтөбе қаласында дүниеге келген сәбилерге ислам дінінен алынған есімдер көптеп қойылып жатыр.

АХАТ қызметкерлері соңғы жылдары осындай үрдіс белең алғанын айтады, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Осы жылдың 10 айында ер балаларға Мұхаммед, Мұхаммад, Абдурахим, Али, Расул, Ислам, Нұрислам, Ибраһим есімдері жиі қойылған. Ал, қыздар арасында Медина, Хадиша, Раяна сынды аттар көп кездеседі. Жаңа туған балаға азан шақырып Дін деген ат қойып жатқандар да ар. -Ерекше қойылатын есімдердің бірі — Дін. Ал, Эскпо секілді шараларға немесе мерекелерге байланысты есімдер тіркелген жоқ, — дейді АХАТ мамандары.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі