Ақтөбеде жүріп келе жатқан автобус отқа оранды
Ақтөбенің орталық даңғылында қоғамдық көлік өртенді. От автобус жүріп келе жатқанда тұтанған, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Сурет: www.liveinternet.ru
Салоннан түтін будақтаған кезде жүргізуші не істерін білмей абдырап қалыпты. Өртенген автобус жергілікті қиыршық тас өндіретін мекемеге тиесілі екен. Күн сайын сол көлікпен жұмысшыларын тасиды. Ал от шыққанға дейін үш адамды ғана мінгізген. Олар автобустан шығып үлгерді. Өрт сөндірушілер келгенше көліктің құр қаңқасы ғана қалған. Тілсіз жау қозғалтқыштан тұтаныпты.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты