Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе тұрғындарының қасқыр деп көлігімен басып өлтіргені ит болып шықты (видео)

Әйтеке би ауданы Комсомол ауылы тұрғындарының қасқыр деп көлікпен басып өлтіргендері ит болып шықты.

b1eec97c481959f2c7b4bb63b702d8d3

Бұл туралы Әйтеке би ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Сүйінбаев хабарлады, деп хабарлайды «Тілші».

«Ауылдық әкімдікпен хабарласып отырмын. Олардың мәліметінше, әлеуметтік желі арқылы тараған видеода қасқыр емес, ит болып шықты. Роман Жовнерко есімді тұрғынның ауласындағы иті түс ауа көшеге шығып кеткен. Түрі қасқырға ұқсайтын болған соң оны видеоға түсіріп алған», — дейді Нұрлан Сүйінбаев.

Оның айтуынша, көшеде жүрген итті тағы біреулер қасқыр деп ойлап, көлікпен басып өлтіргенге ұқсайды.

Жіберіп алмаңыз:

Атырауда кемедегі тамақтың иісін сезіп бір үйір қасқыр келді (видео)

Қасқырлар жауынан сақтану үшін қандай қулық әрекеттер жасайды

Атыраулық шопан қасқырмен айқасып 700 қойын аман алып қалды

71 жастағы қарт 150 қасқырмен бірге тау арасында тұрып жатыр (фото)

Талқылау