Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде тұманның арасында адасып кеткен тікұшақ тас жолға қонды (видео)

Ақтөбе облысындағы тас жолға қонған әскери тікұшақты көзімен көрушілер әлеуметтік желіге видеосын жариялады.

20170215220120

Zello_kaz аккаунтында жарияланған видеоға жазылған хабарламада келтірілгендей, оқиға Ақтөбе-Шымкент тас жолында Қарабұтақ ауылының маңында болған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

Видеода жолдың ортасында тікұшақтың жүк көлігінің жолын жауып тұрғаны көрінеді. Оқиғаны тоқтап тұрған көліктің артында тұрған адам телефонына түсірген.

Тікұшақтан форма киген ер адам түсіп, көлікке жақындап, жүргізушімен сөйлесіп, қайтып кабинасына мініп кетті. Одан кейін тоқтаған көліктегі адам рация бойынша әскерилердің бораннан адасып кеткенін айтты.

“Ер адамдар адасып кеткен. Айналып жүргенде, қайда екенін және қайда бағыт алғанын түсінбей қалған”, — дейді ұшқышпен әңгімелескен жүргізуші.

ҚР Қорғаныс министрлігі тікұшақтың автомобиль жолына тоқтауына түсінік берді. Бұл эпизод видеоға түсіріліп, әлеуметтік желіге жарияланған.

Қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша армия авиациясындағы ұшу құрамының жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес түрлі навигациялар тәсілдерін пысықтау бағыты және ұшу даярлығының курсына сәйкес жерлерді (ұшуларды), оның ішінде ауа-райының бұзылуы кезінде бағдарлауды жүргізу бойынша ұшуды орындайды.  “ҚР ҚК Әскери-әуе күштерінің Ми-8МТ тікұшағы жергілікті тұрғындарды бақылау әдісімен визуальды бағдарлауды қалыптастыру мәселесін пысықтай отырып, әскери оқу-жаттығу тапсырмасын орындады. Экипаж қауіпсіздік жағдайын бағалап, автокөлік жолына қонды және жақын жерде орналасқан елді мекендерді нақтылады, жолдан қайта ұшып, баяндама жасау арқылы оқу-жаттығу тапсырмасын аяқтады”, — деп хабарлады ведомствода.   Қазіргі уақытта тікұшақ әуеайлақ базасында тұр.

Жіберіп алмаңыз:

Дубайда ұшатын автокөлік түрі таныстырылды (видео)

Алматыда 5 автокөліктің күлі көкке ұшты

Оңтүстік Қазақстан облысында егде ерлі-зайыптыларды шауып тастаған

Талқылау