Ақтөбеде төрт оқушы мектеп мұғалімін сабап тастады

Бейсенбі, 27 Қазан , 2016 9:23

Ақтөбе облысында 11 сынып оқушылары физика пәнінен сабақ беретін жас мұғалімді сабап тастады. Оқиға Арынов атындағы Қарғалы орта мектебінде орын алған.

c414949c9152062ccad8aacd59e92b5e

Бұл туралы “Диапазон” хабарлады.

Мектеп әкімшілігі төбелеске қатысқан оқушылардың тәртіпті балалар қатарынан болғанын айтты. Куәгерлердің айтуынша, бітіруші түлектер мен мұғалімнің арасындағы араздық өткен аптада болған. Нәтижесінде қолы сынған мұғалім ауруханаға жатқызылды.

Аталған іс бойынша полицейлер тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

«Оқиға сабақ аяқталған соң, түстен кейінгі уақытта орын алды. 11-сынып оқушылары алғашқы ауысымда оқиды. Төрт бала. Түсініспеушіліктің неден туындағанын біз білмейміз, онымен полиция айналысуда. Жалпы оқиғаға қатысы бар оқушылардың бәрі де жақсы оқиды, ешқандай есепте тұрған емес. Олардың осындай іске барғанын естігенде өзіміз де таңқалдық. Мұғалім ауруханада, қолы гипстелген, ал жалпы жағдайы жаман емес. Өз аяғымен тұрып жүр. Әзірге жұмысқа шыққан жоқ, ал балалар сабаққа келіп жүр. Ата-аналармен де кездестік, оқушылар мұғалімнен кешіріп сұрады, ол да кешірді», – дейді мектеп директорының орынбасары Бибінұр Қабатбергенова.

Жіберіп алмаңыз: 

Мемлекеттік қызметте «13-жалақы» мен мерекелік сыйақыларды алып тастайды

Семейде күйеуімен ұрысып қалған келіншек сәбиін өзенге ағызып жіберді

Көкшетауда 20 жастағы студент қыз жұмбақ жағдайда көз жұмды

ОҚО-да 4 қыз букмекерлік кеңсеге шабуыл жасады

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
1 ай 10 күні кері

Екі жақтың келісіміне қарамай, қылмыстық іс қозғау керек. Оқушыларды қорғайды деген сайын күшейіп бара жатыр.(Ата-аналары біздің балаларымыз кінәлі емес деулеріде ғажап емес). Бара бара сөйлегені ұнамайды деп өлтіріпте тастап жүре беретін күнге де жетерміз

Анонимно
1 ай 10 күні кері

Мұғалімнен кешірім сұрадық, ол кешірді деген не сұмдық! Ол мұғалімге қоқан-лоққы көрсетіліп отыр да. Ол кешірсе не абырой қалды? Қорыққанынан үндемеуге уəде берген шығар. Бүгін қол сындырса ертең не істейтінін бір құдай біледі. Сотқа беру керек. Жазалау керек. Сотқа бермесе мұғалімнің өзі кінəлі.

Анонимно
1 ай 10 күні кері

Онбагандык ко акша берип кеширим алган го

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар