Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде тәрбиешінің кішкентай қыздың басынан ұрған сәтінің видеосы желіде тарап кетті (видео)

Ақтөбе облысындағы балабақшада тәрбиеші бүлдіршінді ұрып жіберді. Бұл сәт түсіп қалған видео желіде тарап кетті.

Ақтөбеде тәрбиешінің кішкентай қыздың басынан ұрған сәтінің видеосы желіде тарап кетті (видео)

Бұл туралы “Мой Город” порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Желіде тараған видео кадрларында тәрбиешінің тақтаның алдында таяқшаны ұстап тұрған кішкентай қызға айқайлап жатқаны көрінеді. Әйел қыздан өзі айтқан әріпті көрсетуін сұрайды. Алайда бүлдіршін жауап беруге қиналады. Артынша тәрбиеші ұл баланы тақтаның алдына шақырып, өз кезегінде ол әріпті көрсетеді. Осы кезде тәрбиеші басқа қыздың жанына келіп, құлағынан тартып, тақтаға қарай сүйреп, жұдырықпен басынан ұрып жібереді.

«Қара, бұл О деген әріп, У емес», – деп айқайлайды ол.

Ақтөбе облыстық білім басқармасындағылар мұндай оқиғаның болғанын растады. Белгілі болғандай, мұндай жағдай Бадамша аулындағы «Айгөлек» балабақшасында орын алған.

«Оқиға 2018 жылдың қыркүйек айында Қарғалы аулында болған. Бұл жайттан кейін тәрбиеші қызметінен қуылды. Меңгерушіге ескерту жасалды», – дейді білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау