Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде түсініксіз жағдайда қайтыс болған 7 жасар қыздың бауырлары да ауруханада жатыр

Ақтөбеде 7 жасар Інжудің қайғылы өлімінен кейін екі кешкентай бауыры да ауруханаға түскен. Олар кеше ауруханаға жатқызылды.

Ақтөбеде түсініксіз жағдайда қайтыс болған 7 жасар қыздың бауырлары да ауруханада жатыр

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Динара Баймағабетованың екі ұлының гемоглобині төмендеп, салдарынан ауруханағ түсіп қалған. Алайда анасының сөзінше, 7 жасар қызының өлімінен кейін балалары шошып қалып, психологиялық зақым алған. Олардың дәрігерге жүгінуіне осы жайт себеп болыпты.

«Балаларым өз әпкесінің өлімін көзімен көрді. Сол жағдайдан кейін мазасызданып кетті. әсіресе 4 жасар Нұрбақыт үнемі жылап, Інжуді үйге алып келуімізді сұрайды», – дейді Динара Баймағабетова.

Еске сала кетсек, Ақтөбеде 7 жасар қыз түсініксіз жағдайда қайтыс болған еді. Бастапқыда дене қызуы көтеріліп, артынша денесі құрыса бастаған. шақыртылған жедел жәрдем арада 49 минут өткеннен кейін келген. Олар жеткенше оқушы қыз қайтыс болып кеткен-ді.

«Мен жыламауға тырысамын. Басқа балаларымды аяққа тұрғызуым керек», – дейді қайтыс болған Інжудің анасы.

Қайғылы жағдай орын алған үйге дәрігерлер көңіл айтып, кешірім сұрап келмеген.

Ал маман Ирина Украинцева қазіргі уақытта бұл отбасының психологиялық ахуалына мән беру керектігін айтты.

«Бұл жаста балаларда өлімнен қорқыныш пайда болады. Олардың көз алдында адам қайтыс болды. Бұл ұзақ уақытқа созылатын психологиялық зақым. Ол балалардың алдағы өміріне де әсер еді. Дәл қазір бұл отбасының әр мүшесіне психологиялық көмек көрсету қажет», – дейді психолог.

Динараның ұлдарымен бірге ауруханада күйеуі жатыр. Үйде тағы 6 баласы отырғандықтан, анасы ауруханада жатқан балаларының жанында бола алмайды. Ал отағасы отбасының жалғыз асырушысы. Ендігі отбасы 70 мың теңге көлеміндегі ипотекалық төлемді қалай төлерін білмей отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау