Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде сылқым келіншек бірнеше ер адамды алдап 30 мың доллар ақша алып кеткен

39 жастағы ақтөбелік әйел өзіне сенім артқан азаматтарды алдап, бірнеше мың долларды қалтаға басқан.

4141

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Алаяқтық дерегі бойынша Ақтөбе полициясы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда тек бес зардап шегуші ғана полицияға арыз жазған. Алданғандардың арасында ірі кәсіпкерлер мен шенеуніктер бар. Олар әйелге 15 мың мен 30 мың доллар аралығында ақша берген.

Адамдарды алдап қақпанына түсіру үшін әйел психологиялық тренингтер өткізген. Ол бас прокуратура және президент әкімшілігімен байланысы бар екенін де айтыпты. Ол адамдарға жылжымайтын мүлік сатып алу, жұмысқа орналастыру, жастарды оқуға түсіру ісі бойынша көмек беретінін жариялаған. Зардап шегушілердің айтуынша, әйелдің адамдарды өзіне баурап алатын қасиеті бар екен.

“Оған ақшамды қалай бере салғанымды өзімде түсінбей қалдым. Ол баламды Назарбаев университетіне оқуға түсірім беремін деп уәде етті. Ол өзінің мықты таныстары бар екенін бірнеше рет айтқан”, – дейді зардап шеккендердің бірі.

Талқылау