Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде спорт шебері баспанасыз қалды

 Қазір үш баласы мен келіншегін уақытша паналауға қайын жұртына жіберіпті. Мүсіншілігімен де танылған спортшы талай жылғы жинаған туындыларының бір күнде күлге айналғанына да іші удай ашиды.

ортенген уййй

Бұл туралы ктк арнасы хабарлайды.

Күрестен спорт шебері Хайдар Кенжембетов бірнеше жыл бұрын қала шетінен шағын ғана осы үйді салып алған еді. Енді онысы бір күнде күлге айналды. Өрт шыққан күні өзі отбасымен туыстарының үйінде қонақта болған. Қайтып келгенде көк түтін басқан шаңырағын көреді.
«Таңертең жанып жатыр. Кірдік те мен бірден кіре алмадым. Басыма сол күртешімді кидім де үйдің құжатын алдым. Үлгердім. Содан кейін киімдер бәрі жанып кетті. Ештеме қалған жоқ»,- Ақтөбе қаласының тұрғыны Хайдар Кенжембетов

Өртке не себеп болғаны әзірге белгісіз. Тек пештен шығуы мүмкін деген болжам бар. Ал Хайдар Кенжембетовтің өзі спорттан бөлек мүсіншілікпен де айналысады. Ағаштан түйін түйетін ол талай жыл жасаған туындыларының да жанып кеткеніне қапалы. Қазір қолында небары үш мүсіні қалған. Оның өзі қара күйе.

Отағасы мектеп жасындағы екі баласы мен құндақтағы екі айлық сәбиін алып келіншегін төркініне жіберген. Талай палуанды жаттықтырған бапкер жұрттан көмек сұрауға арланады. Дегенмен, спортшыға көмектесуге ақтөбеліктер көптеп келіп жатыр.

Отағасы қазір танысының үйінде күнелтіп жүр. Биліктен де көмек күтпейтін Хайдар Кенжембетов күн жылынса баспанасын өзі қайта тұрғызуға кіріспекші. Ал әзірге еріктілер тобы құрылып, жаттықтырушының отбасына киім-кешек, төсек жабдықтарын жинап жатыр.

Талқылау