Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде өртенген автобус: Үш жүргізуші ауруханадан шыға салысымен изоляторға қамалды

Ақтөбедегі автобус өртінен аман қалған жүргізушілер ауруханадан шығарылып, тергеу изоляторына қамалды.

«Ақтөбе облысындағы автобус өртіне қатысты қылмыстық іс ІІМ аймақаралық жедел тергеу тобының тергеу департаментіне келіп түсті. Тергеу кезінде жүргізушілер өрт қауіпсіздігін сақталмағаны, көлік құралдарын пайдалану заңдылығы ескерілмегені және автобус ішінде жылыту шамы қолданылғаны белгілі болды. Автобустың үш жүргізушісі де осы қылмысқа қатысы бар екені анықталды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Сондықтан 24 қаңтар күні үш жүргізуші ұсталып, олар Ақтөбе қаласындағы уақытша тергеу изоляторына қамалды. Оларға Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша айып тағылып отыр. Қылмыстық істің заңдылығын Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарының процессуалды прокурорлары бақылайды. Тергеу Бас прокуратура мен ІІМ бақылауында болады», – деді Ақтөбе облысы прокуратурасының аппарат жетекшісі Жасұлан Дәулембаев.

Айта кетейік, 18 қаңтар күні Ақтөбе облысында автобус өртеніп, 52 Өзбекстан азаматы қаза болды. Ал 5 адам аман қалды. Оның үшеуі Қазақстан, екеуі Өзбекстан азаматы. Екі Өзбекстан азаматы әлі ауруханада жатыр. Олардың денсаулығы жақсы.

Тағы да оқыңыз:

Таразда жоғалған сарбаз: Біреулер хабарласып ұлымыздың қол-аяғын байлап ұстап отырғандарын айтты

Маңғыстауда әкімнен таяқ жедім деген тұрғынның өзі бәлеге қалды

Шенеуніктерге желіде отырып ойына келгенін жазуға, сыпсыңдап өсек айтуға да шектеу қойылған

Талқылау