Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде мешіт қызметкерлері басшыларының бейәдеп сөздер айтқанын мәлімдеп жалақы талап етуде

Ақтөбе қаласының мешіт қызметкерлері мешіт басқарушысының оларға қарата бейәдеп сөздер айтқанын, жұмыстан кетіретінін айтып қорқытқанын мәлімдей отыра жалақы төлеуін талап етті.

228618

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Нұр-Ғасыр» мешітінің қызметкерлері тарапынан түскен жалақы мен моральді өтемақы жөніндегі шағым қалалық сотта қарастырылуда.

Шағымда қызметкерлердің жалақы ала алмайтындары айтылған.

«Жетекшілік етуші Балкенов жалақы төлеу туралы талапқа ашулықпен жауап беріп, қызметкерлерді жұмыстан кетірем деп қорқытқан», – делінген хабарламада.

e-islam.kz порталының мәліметінше, «Нұр-ғасыр» мешіті 3 жарым мың адамға лайықтап салынған. Мешіт ғимаратында асхана мен 25 шәкірт оқуға арналған медресе бар.

Жіберіп алмаңыз:

2016 жылдың үздiк ұстаздарына 2 млн теңгеден берiлдi

Ұзынағашта қаза тапқан үш жігіттің отбасына материалдық көмек көрсетілмейді

Жаяу жүргіншіні қағып кеткен айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваның қызы болып шықты

“NinetyOne” тобын қолдаған оңтүстік жастары батыр бабалардың сырға тағып, шаш бояғанын мысалға келтірді (видео)

Талқылау