Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламамен салынған баспана тұрғындары жылусыз отыр

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлер орналасқан шағын аудан тұрғындары пәтерлердің суықтығына шағымданды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Пәтер иелерінің айтуынша, қыс мезгілінде үйдің жылыту жүйесі дұрыс істемейді екен. Қалада ауа райы күрт суытып кетті, түнде тіпті 30 градус аязға дейін температура төмендейді, ал пәтердегі ауа температурасы он үштен аспайды.

Кей тұрғындар пәтердің суығынан ас үйге түнеп, сәл де болсын жылыну үшін газ қосуға мәжбүр.

Шағын аудандағы көпқабатты үш үйдің тұрғындары тоңып отыр. Коммуналдық қызмет жылыту жүйесінде қандай ақау барын анықтап айта алмайды.

Жергілікті әкімдіктің пайымдауынша, үйдің суықтығына адамдардың өзі кінәлі. Пәтерлерді аралап шыққан шенеуніктер тұрғындарға жедел түрде жөндеу жүргізу қажеттігін айтты, сонда ғана үйлері жылынады.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда қорылдан арылтатын ота жасалады

Таразда жолынан қалған жолаушылар шу шығарды

Алматы облысында 26 жастағы шопан кісі қолынан қаза болды

STAN.KZ
Бейсенбі, 21 Желтоқсан, 2017 08:59
Талқылау