Ақтөбеде мектеп директоры жоғалып кетті
Ақтөбе облысында жоғалып кеткен мектеп директоры іздестіріліп жатыр.

Облыстағы Алға ауданы Қарақұдық орта мектебінің директоры жоғалып кетті. Сенбі күні екі адам балық аулауға шығып, содан қайта оралған жоқ. Еріктілер өзен жағасын аралап көрді. Олар өзен жағасынан жоғалған бір адамның күртесін тапты.
Жоғалған екі ер адам 31 жастағы Бақтыгерей Тәжмағамбетов пен 30 жастағы Нұржан Маханов.
Еріктілер тобының жетекшісі Екатерина Голотинаның айтуынша, жоғалған екі адам да өзенге батып кетуі мүмкін деген болжам бар.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі