Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде мафиямен байланысқан лауазымды полицей сотта жауап беріп жатыр

Ақтөбеде ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары сот алдында жауап беріп жатыр. Рахат Ахановқа «Ағайынды төртеу» тобының серкесі Еркін Ізбасарға қолдау көрсеткен деген айып тағылған. Бұл туралы КТК аранасы хабарлады.

Ұйымдасқан қылмыстық топ ішкі істер органдарынан өздерін жақтайтын бастықты іздейді. Ақыры Еркін Ізбасардың екі жігіті подполковниктің сеніміне кіріп алады. Сол кезде ол Ақтөбедегі ІІД бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Аханов өз кезегінде мұнай ұрылығына көз жұма қарап, қызметі үшін қомақты ақша алып отырған. Мұнысы топ мүшелерінің бірі, айыпталушы Саясат Жүсіповтен тәркіленген қойын дәптерде жазылған. Онда Рахат Ахановқа қара алтын қарақшыларының қанша теңге ұстатып отырғаны көрсетілген. Онда 150 мың теңгеден басталып, 600 мыңнан бір миллион 700 мың теңгеге дейін жетеді.

Бірақ мұны Рахат Ахановтың өзі мойындамады. Ал есеп карточкасына түсіп отырған ақшаны өзімнің жинаған қорым деп ақталды.

Сондай-ақ, казино арқылы қолма-қол түсіріп алған 28 миллион теңгені пара емес, танысымның аманаты деп отыр. Өзінің құмар ойынға жылына бір рет соғып кететінін де сот процесінде жасырмады.

Тағы оқыңыз:

Астанада көлік қағып кеткен қыз жүргізушіні ең ауыр жазаға кесуді сұрады

Экс-министр Бишімбаев түрмедегілермен жанжалдасып қалды

Тұрғын үйі арзан Қазақстанның бес қаласы анықталды

Еліміздегі ең сұлу полицей арулар (фото)

Талқылау