Ақтөбеде қызын ЖОО-ға түсіру үшін пара берген шенеунік жұмыстан қуылды

Сенбі, 26 Қараша , 2016 9:19

Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмат Ермағамбетов өз қызын Назарбаев университетіне оқуға түсіру үшін 20 мың доллар көлемінде пара берген. Осы үшін ол өз қызметінен босатылды.

2bd32db2e395e5fdf8bc0f45348

Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау басқармасы басшысы Әсет Қалиев мәлімдеді, деп жазды “Диапазон”.

“Ол тәртіптік кеңестің шешімі бойынша жұмыстан шығарылды”, – деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басшысы.

Бұған дейін Ермағамбетовтің кіші қызын Назарбаев зияткерлік мектебіне түсіру үшін «ақша бергені» туралы хабарланған болатын. Шенеунік ақша алып, уәдесінде тұрмаған Ботагөз Биекенованың үстінен полицияға шағым түсірген. Аталған іс бойынша сот отырысы өтеді. Ал ақша берген шенеунік сотқа жәбірленуші ретінде қатысады.

Желі қолданушылары пара бергені үшін шенеуніктің жауапқа тартылмағанына ашуланды. 40 жастағы Ермағамбетов денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. Ол құрылыс, мемлекеттік сатып алу (оның ішінде медициналық препараттар бар) салаларына жауап беретін. 2012 жылдан бастап Ермағамбетов “Нұр Отан” партиясына мүшелікке кірген. 2006-2009 жылдар аралығында ол мобилизациялау жұмысы бойынша бөлімнің бас маманы болды. 2009-2014 жылдар аралығында дәрі-дәрмектерді және басқа да тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы болды. Ал соңғы қызметінде ол 2014 жылдың 31 қаңтары мен 2016 жылдың қарашасына дейін қызмет атқарды.

Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев Астана атауын өзгертуден бас тартты

Зағипа Балиева: Педофилдер өлім жазасына лайықты

Имашев Назарбаевтың есімін Петропавл не Павлодар қаласына беруді ұсынды

Елбасы билік басында ұзақ отыр деген сынға қатысты пікірін білдірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
04.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар