Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде көп қабатты үйден тастанды шақалақ табылды

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласындағы көпқабатты үйден шақалақ табылды. Жаңа туған сәбидің анасы іздестіріліп жатыр.

145

Сурет 112.ua

Бұл туралы Bnews.kz хабарлады.

Қала тұрғындарының айтуынша, құқық қорғаушылар жақын маңдағы үйлерде тұратын адамдардан оқиға туралы сұрастырған. Мұғалжар аудандық Ішкі істер департаментінің кезекші бөлімі бар мәліметті Қандыағаш қалалық полиция бөлімшесі басшысының орынбасары Алтай Аманжолұлы береді дегенмен іске жауапты полиция қызметкері ашып ештеңе айтпады. Бірақ, А.Аманжолұлы жаңа туған баланың табылғанын растады.

«Оқиға туралы естідім. Кішкентай бала қаладағы №46 үйден табылды. Біз №44 үйде тұрамыз. Полиция қызметкерлері келіп, сұрастырды. Бірақ ештеңе де білмейміз. Тек ел арасындағы сөзден құлағдар болып отырмыз»,- дейді Қандыағаш қаласының тұрғыны Жанболат.

Айта кетейік, бала қазір «Үміт» сәбилер үйінде.

«Бізге кеше ғана әкелді. Ер бала. Шамамен 1 апта бұрын ғана дүниеге келген. Қазіргі күні медициналық тексерістен өткізіп жатырмыз. Туа бітті ауруы анықтала қойған жоқ. Оның аты-жөні белгісіз, құжаттары жоқ болғандықтан, тек күтімге алып, мұқият бақылап отырмыз. Біз баланың перзентханада немесе үй жағдайында дүниеге келгенін білмейміз»,- дейді «Үміт» сәбилер үйінің директоры Қадырбек Иманбаев.

Талқылау