Ақтөбеде қолын көтеріп көлік тоқтатпақ болған жол сақшылары жазаланды
Төрт күн бұрын ала таяқтарынан айырылғандардың өздері жаңа тәртіпке үйреніспеген болып шықты, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Мына кадрларда жол сақшысы бұрынғы әдетіне баспақ болады. Жаңа жылдан бастап жол бойында тұрып бұлай нұсқау беруге болмайтынынан олар хабарсыз екен. Осы әрекеті үшін олардың мәселесі тәртіптік кеңесте қаралды. Бірақ жол сақшыларына нақты қандай шара қолданылғаны әзірге белгісіз.
Бұрын хабарлағанымыздай, енді тәртіп бұзған жүргізушілерді тек арнайы көлікпен соңдарынан қуалап жүріп тоқтатуға рұқсат. Онда да дабыл жүйесін іске қосып, болмаса ысқырықты пайдалану қажет. Ал жол апаты болған жерде және стационарлық бекет маңында ғана қолмен ишара беріп көлікті аялдата алады.
Алматы билігі Үлкен Алматы көліне апаратын жаяу жүргіншілер жолына 500 миллион теңге жұмсамақ
2023 жылы тамызда жолдың такси қызметі үшін ашылуы қоғамда наразылық туғызды
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды
Қандас: "Азаматтық алуды квотамен тікелей байланыстырмаса екен"